Стартап байқауында тұлғаны тануға арналған жүйе бірінші орынды жеңіп алды

Astana Innovations Challenge аясында үздік өткен инновациялық жобаны анықтауға арналған үш күндік байқау аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Astana Innovations» АҚ сілтеме жасап.


Астананың интеллектуалдық әлеуеті ең маңызды стратегиялық ресурс ретінде қаралады. Оның экономикалық тиімділігі көбінесе тауар айналымынан түсетін кірістен асып түседі. Үш күн ішінде лайықты жұмыстар ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар келесідегідей бөлінді.


1-орын мен 500 мың теңгелік сертификатты тұлғаны тануға арналған кросс платформасы бар FaceR командасы иеленді. 2-орын мен 300 мың теңгелік сертификатты Qaz Aqua командасы алды. Олар акваторий келушілеріне арналған қызметтері бар GPS білезік ұсынды: SOS түймесі, орнатылған қауіпсіздік жастығы. 3-орын мен 200 мың теңгелік сертификат Stop Вор командасына бұйырды. Қатысушылар бейнекамера арқылы қылмыскерлердің жеке тұлғасын танитын жүйе жасап шығарды.
Интеллектуалдық марафонды қорытындылай отырып, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Астана – бұл инновациялар қаласы және бүгінгі стартаптың оның дамуына қосылған тағы бір үлес екенін ерекше атап өтті.


«Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде де толыққанды әріптеске айналуы тиіс. Кедергілерді жою, барлық кәсіпкерлік құрылымдармен жұмысты жандандыру, жас стартаптарды қолдау – бұл біздің негізгі міндеттеріміздің бірі»,  – деді Олжас Сартаев. А


Айта кетейік, 2017 жылдың басынан бері «Астана Innovations» АҚ тарапынан 7 стартап-байқау (4 стартап уикенд және 3 хакатон) өткізілді. Іс-шара Республиканың түрлі аймақтарынан келген 2500-ден астам адамның басын қосты. Стартап марафон барысында қазылар алқасының мүшелері 70 финалисті анықтады. Финалға 21 команда шықты. Жобаларды бағалауға әлемнің 10 елінен 100-ден астам халықаралық ұйым басшылары мен сарапшылары шақырылды. Бұл марафонның аудиториясы кең болды. 230-дан астам адам ресми сайтқа тіркелді. 26 командадан 11-і финалға шығып, 3 команда жүлделі орындарға ие болды.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше