Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі 15-16 қыркүйекте өтеді
Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
15-16 қыркүйекте «Қазақстан» спорт кешені жанында Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 48-ден астам атаулы өнім ұсынылады (ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сонымен қатар қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар). Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан асады. Оның ішінде көкөніс өнімдері — 112,9 тонна, ет — 80,2 тонна, сүт – 21,9 тонна, жеміс-жидектер – 43,4 тонна, картоп – 49,3 тонна, балық өнімдері – 16,8 тонна, бал — 0,5 тонна.
Дәстүр бойынша «Қазақстан» спорт кешені аумағында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымының концерті қойылады.
Пікір жоқ әзірше