Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Астана қаласы әкімдігінің шенеуніктері қызметтік көліктерінен бас тартып такси қызметіне жүгінетін болды. Әкімдік қызметкерлерінің болжамынша, мұндай қадам жыл сайын бірнеше миллион теңге үнемдеуге әкеледі.

Тиімді тәсіл

Қалалық әкімдіктің автопаркін осылай жаңғыртуы қалалық бюджет шығынын айтарлықтай азайту үшін мүмкіндік береді. Такси қызметі шенеунік жиналыста немесе тағы бір іс-шара отырғанда оны күтіп тұрмайды, басқа тапсырыстарды орындай береді. Қызметтік көлік сияқты жайдан жай күтіп тұрмайды.

Такси қызметіне көшу бес жыл ішінде миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді (2,7 миллион доллар). Босаған 64 автокөлікті әлеуметтік сала мекемелеріне, оның ішінде мектептер мен ауруханаларға береді. Өз кезегінде үнемделген қаражат, әлеуметтік жобаларға, бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырудың, ұйымдастыру үшін бөлу, мектеп бітірушілер үшін гранттар, студенттер үшін жатақханалардағы орын жетіспеушілігін және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.

Астана қаласы әкімдігі мұндай қадамға, қалалық көлік паркі белсенді пайдаланбаған соң, ал оны күтіп ұстауға бюджеттен қаражат бөлінетінін ескергендіктен барып отыр. Негізі бюджетті үнемдеу бірнеше бағыт бойынша жүреді.

Атап айтқанда, жаңа көлік сатып алуға және автопаркті ұстауға, жанар-жағармай, сервис, жөндеу, жүргізушілер штатына кететін шығынды қысқартады.

Бизнесті нақты қолдау

Шенеуніктер такси қызметіне көшіп шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нақты үлгісін көрсетті. Қазірдің өзінде бірнеше таксомоторлы компаниялар елордалық шенеуніктерді қалаған жеріне жеткізуге ниет білдірді. Бұл үшін қосымша жұмыс орындары ашылып, таксомоторлы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі артып сервистік қызметі жақсарады деп күтілуде.

Жақсы жақтары...

Әзірге астаналық басшылар таксомоторлы компаниялар ұсынған сервиске риза, қызметтік көлік пен такси қызметі көліктерінің арасында айтарлықтай айырма жоқ.

Астана жаңалықтары: Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше