«Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды
Бүгін Констуция күні мерекесіне орай қаламыздың «Есіл» ауданына қарасты «Жағалау» шағын ауданында полиция бөлімі ашылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Есіл» ауданы әкімі Төлеген Закарьянов шағын аудан тұрғындарын Конституция күні мейрамымен құттықтап және осы мереке күні ашылған полиция бөлімінің жұмысына, қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
«Сіздерді бүгінгі Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан демократия қағидаттарын берік ұстанған, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын айқындаған, берік ұстанымы бар ел. Қаламыз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді, ауданымыздың қала бойынша үлгілі аудан болуы сіз бен біздің тығыз байланыстағы қажырлы еңбегіміздің жемісі. «Есіл» ауданы әкімдігі тұрғындардың әр ұсынысына құлақ түріп, қолдау білдіруге дайын. Осы ашылып отырған полиция бөлімі ауданымыздағы қоғамдық тәртіпті одан әрі күшейте түседі деген ойдамын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін», деді Т. Закарьянов.
«Жағалау» шағын ауданында ашылған полиция бөлімі Ш. Айтматов көшесі, 29а мекенжайында орналасқан. Полиция бөлімі барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген. №26 полиция бөлімінде әзірге бес тәртіп сақшысы қызмет ететін болады.
«Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл полиция бөлімі осы шағын аудандағы қоғамдық тәртіпті қадағалау және қылмыстың алдын алу үшін ашылып отыр. Полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады. Зайырлы қоғамның ұстанымы құқықтық мемлекет құру, осы жолда сіздер біздің бөлімнің қызметкерлеріне жәрдемдесесіздер деген ойдамын», деді Ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев.
Полиция бөлімі қызметкерлері шағын аудандағы үйлерді бөліп алған. Әр учаскелік инспектор өзіне бөлінген аумақтағы үйлердің кіре берістеріне, сол үйдегі дүкен, дәмхана, дәріханаларға ақпараттық стендеттер орнатып, өзі жайлы және полиция бөліміне, учаскелік инспекторға қалай хабарласуға болатыны туралы ақпараттар іледі. Және таңғы сағат 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін кезекші бөлім жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек инспекторларға WhatsApp арқылы хабарласуға болады.
Пікір жоқ әзірше