Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам оқушы барады
Кішкентай астаналықтардың алғашқы сабағы елорданың 20 жылдығына арналады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Биыл астанада бір ғана № 54 мектеп-интернаттың өзінде бірінші сыныпқа 300 бала барады. Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, алғашқы дәрісте балаларға қаланың тарихы туралы, астананың қалай дамығаны, көрнекті орындары мен бірегей тарихи оқиғалары айтылады.
«40 минут сабақ барысында балалар қаланың қалыптасу тарихымен танысып, білім еліне сапар шегеді», — дейді Ш. Сейсенбай. – Арнайы кабинетте біз танымдық ойындар өткіземіз. Осы жылы біз 10 сынып ашуды жоспарлап отырмыз, оның әрқайсысында 30 баладан оқиды».
Айта кетейік, білім басқармасының мәліметінше биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам бала барады. Қалада барлық мектептерге 150 мыңнан астам оқушылар білім алуға келеді.
Бүгінде Астанада 105 мектеп бар, оның 85-і – мемлекеттік, 1- кешкі, 15 – жекеменшік және 4-і — республикалық маңызы бар мектеп.
Пікір жоқ әзірше