8 қыркүйекте отбасы күніне арналған «Отбасылық дуатлон» жарысы өтеді
Жарыстың ұраны – «Саламатты отбасы – саламатты ұлт» деп аталады. Шара Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіледі.
Жарыс үш қашықтықта екі спорт түрінен өтеді. Жарысқа 8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас дәрежесіндегі балалары бар отбасылар қатыса алады (ата – аналарының жасы есепке алынбайды).
Жалпы қашықтық ұзақтығы 4,5 км.
* Жүгіру (әке) – 2,1 км;
* Веложарыс (ана) – 2,1 км;
* Жүгіру (бала) – 300 м (8-9 жас және 10-11 жас, 12-13 жас);
* Міндетті түрде қатысушылардың өз велосипеді болуы тиіс.
* Ұйымдастырушылар велосипед бермейді!
* Велокезең кезінде дулығаның болуы міндетті!
* Дулыға болмаған жағдайда команда жарысқа жіберілмейді!
* Жарыс Астана қаласы «Астана Триатлон» саябағында, 2018 жылдың 8 қыркүйек күні өтеді.
* Командаларды тіркеу – сағ. 09:00-10:30.
* Басталуы — сағ. 11:00.
ОТБАСЫЛЫҚ-ДУАТЛОН ЭСТАФЕТА ТҮРІНДЕ ӨТЕДІ!
Ереже бойынша бірінші болып жарыс сызығынан әкелері 2,1 км қашықтықты жүгіруді бастайды, транзиттік аймақта күтіп тұрған анасына эстафеталық лентаны береді.
Екінші анасы 2,1 км қашықтықты велосипедпен жүріп, баласына эстафеталық лентаны береді.
Үшінші баласы (8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас) 300 м қашықтықты жүгіріп мәре сызығын кесіп өтеді. Ең алғашқы келген I, II, III отбасы жеңіске жетеді.
Жарыс кезеңдерінің ережелері мен кезеңдерінің карталары elordasport.kz, сайтында көрсетілген. Сондай-ақ дуатлонның толық регламенті Астана қаласы әкімдігінің elordasport.kz спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының сайтында жарияланған.
Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері болуы керек. Айта кетейік, «Отбасылық дуатлонға» қатысуға ниетті, қашықтықты бағындыруға денсаулығы жарамды, дәрігердің рұқсаты бар отбасылар шақырылады. Тіркеу кезінде әр отбасы мүшесі — дуатлонға қатысу үшін балалардың өмірі мен өзінің денсаулығына жауапты екендігі жайында қолхат толтыруы тиіс.
Әр топта жарыс жеңімпаздары ең үздік нәтиже бойынша анықталады. Әр жас санаты бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жарыс жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар «Отбасылық дуатлон» жарысына қатысқаны үшін барлық қатысушылар медальдармен марапатталады. Жарыс соңында тіркеу нөмері бойынша велосипедтер ұтысқа ойнатылады.
Пікір жоқ әзірше