Астаналық автобус жүргізушісі жұмысынан неліктен шеттетілді?
Айта кетейік, жұмысынан шеттетілу – бұл босату емес. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде, қорытындысы бойынша түбегейлі шешім шығарылады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала билігі 20 тамыз күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады, бірақ барлық тұрғындар айтылған ережені сақтай бермейді.
«Астана LRT» ЖШС мәліметі бойынша қала көшелеріндегі көлкіген су мен сақтандырылған белгілерге қарамаған қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмысынан шеттетілді. Жүргізушінің әрекеті жолаушылардың өмірін қауіпке тігіп, қамтамасыз етпеген және де автобустың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін еді.
Айта кетейік, жұмысынан шеттету – бұл босату емес. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде, қорытындысы бойынша түбегейлі шешім шығарылады.
20 тамыз күні құйып жауған нөсердің салдарынан Б. Момышұлы даңғылы мен Тоқпанов көшесінде су тасқыны болуына байланысты «Астана LRT» қызметкерлері көп күттірместен, аталған учаскеден өтетін маршруттардың қозғалыс схемасын өзгертіп, барлық жүргізушілерді тегіс құлақтандырған болатын.
«Астана LRT» ЖШС әрбір шығу алдында жүргізушілерге нұсқаулық өткізеді, онда жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздік техникалары туралы айтылады.
Жүргізушілер рульге отырғаннан кейін жолаушылардың өмірін өз жауапкершілігіне алады, ондай жерде қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс. Мәселен, жауын жауып тұрған кезде сақтықты күшейте түсу қажет: ондай кезде көру нашарлай түседі, жол беті тайғанақ әрі жиналып қалған судың астында не барын көру мүмкін емес (шұңқыр, төмпешіктер, тас жатса жүру кезінде қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін).
Қауіпсіздік шараларының маңызды екенін түсіне отырып, барлық автобус жүргізушілері талап етілген ережені мүлтіксіз орындауы тиіс, сондай-ақ жолаушылардың өмірі мен денсаулығын өз жауапкершілігіне алады.
Аталған жағдайда тасымалдау ережесінің барына қарамастан қауіпсіздік талаптарын сақтамаған және полицейлердің жөн сілтегеніне қарамаған жүргізуші қабылданған шараны толықтай елемеген, сөйтіп жолаушыларға қауіп төндіріп, қолайсыздық әкелген.
Жазылған бейнедыбысқа қарап отырып, онда жүргізушінің әрекетіне жолаушылар арасында айқай-шу шығып, кейбірі қорқып, наразылық білдіргенін байқауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі 20 тамыз күні әлеуметтік желілер мен мессендждерде салонына су толып кеткен автобустың батқанына қарамастан жүргізуді тоқтатпаған видеосы тарап кеткен болатын.
Пікір жоқ әзірше