«Құқықтық тәртіп» ЖАІ қорытындысы шығарылды
Елордалық полицейлер қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қоғамдық орындарда және қала көшелерінде құқық бұзушылықты ескерту және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданды, тұрғын кешендердің аулаларында, елорда тұрғындары мен қонақтары жаппай жиналатын және бос уақыттарын өткізетін орындарда жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.
«Құқықтық тәртіп» ЖПШ қорытындысы бойынша 2486 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: ұсақ бұзақылық-132 факті, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу-423, көші-қон полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 149 құқық бұзушылықты анықтады (ҚР болу ережесін бұзу).
Полицейлер ЖПШ өткізгенге дейін 3 күн бұрын «ізін суытпай», сонымен қатар бейнебақылау камералары жүйесінің көмегімен 38 қылмысты ашты. Бұдан басқа, 31 бұрын жасалған қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды.
Полиция қызметкерлері 80 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, ақшасын ашық түрде жымқырған 31 жастағы ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша «тонау» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адам Астана қаласы ІІД УҰИ қамауға алынды. Ұсталған адамның қала аумағында жасалған осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қала жолдарындағы жол қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыруда. Автокөлікті мас күйінде жүргізген 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
1 пікір