Елордада Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мәселесі талқыланды
Бүгін St. Regis Астана отелінде «Қазақстанда іскерлік туризмді (MICE) дамыту» тақырыбында конференция болып өтті. Шараны «Қазақ Туризм» ҰК» АҚ ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанда MICE дестинациясын алға жылжыту, халықаралық инвестиция тарту, Қазақстанда МІСЕ іс-шарасын ұйымдастыру. Оның жұмысына Астана қаласының МІСЕ индустрия ойыншылары қатысты, яғни Sky way Travel, Marriott Astana, Triumph SAT Travel, Astana Venue Мanagement, Astana Expo, Астана Конвеншн Бюро сияқты және басқалары.
Шара барысында роуд-шоу жүргізілді, b2b шетелдік МІСЕ агенттігінің өкілдерімен (Үнді, Польша, БАӘ, Қытай) кездесті. Қонақтар мен конференцияға қатысушылар конгресс-көрме залында Қазақстанмен және Астана қаласымен етене танысу мүмкіндігіне ие болды.
Пікір жоқ әзірше