«AstanaDausy-2018» - ұлттық бояуы бар фестиваль

Астана жаңалықтары: «AstanaDausy-2018» - ұлттық бояуы бар фестиваль

«AstanaDausy-2018» екінші жылсайынғы музыкалық шарасының өтуіне бір аптадан аз уақыт қалды. 29 тамызда «Барыс Арена» мұзайдын сарайының сахнасында Азия, Еуропа және Американың 12 мемлекетінің артистерібарша әлем тыңдармандарының жүрегін жаулаған хиттерін орындайды. Атап айтқанда, NinetyOne тобы, Григорий Лепс, Loreen, ALEKSEEV, Ани Лорак, Филипп Киркоров, Согдиана, Сосо Павлиашвили және басқалары. Кеш жүргізушілері – Ләйлә Сұлтанқызы және Андрей Разыграев.

Өткен жылы аталмыш шара елордада алғаш рет өткізіліп, күшті әсер қалдырған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қайрат Нұртас, Бьянка, Oceana, Arash, Григорий Лепс сынды үздік артистер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған болатын. Әншілер қазақстандық көрермендердің қонақжайлылығы мен ықыласын ерекше атап өтіп, жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры АрманДавлетьяров фестивальге қуана қатысқанын және жақсы әсер алғанын айтқан еді.

«Мұндай фестиваль Ресейде де болған емес, ұйымдастырушыларға, қала әкімдігіне осындай мереке сыйлағандары үшін алғыс айтамын. Жүрегімді шаттық кернеп тұр…Жылы шырай танытқан барша қазақстандықтарға рахмет», — деді шарадан кейін АрманДавлетьяров.

«Фестивальдің жыл сайын өткізілуін тілеймін», — деді Светлана Лобода. Айтқаны келді! Биыл да ұйымдастырушылар қызыққа толы керемет кеш сыйламақ.Айта кетейік, «Astana Dausy-2018» Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының күшімен ұйымдастырылады.

Фестивальдің қоюшы-режиссері ретінде Киевтен «FCHF-group» командасы шақырылды. Музыкалық шараның басты ұраны – «Астанадауысы – шексіз!».

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, артистер сахнада өнер көрсеткенде лазерлік шоудыңинсталляциялары мен элементтерінде Қазақстанның символдары мен ұлттық белгілері қолданылады. Мысалы, басты экранұлттық бас киімнің, ал едендегі дөңгелек экранАстананың белгісінің элементтерінің бірініңформасында жасалады. Әрбір қойылым ерекше болады, дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, фестивальге қатысатын артистерге көрермендердің шексіз сүйіспеншілігінің және оның шығармашылығын жоғары бағалаудың белгісі ретінде мүсіншелер табысталады.

Музыкалық кеш 29 тамызда сағат 19.00-де өтеді.
Бөлісу:

1 пікір