Жыл соңына дейін Астанада жаңа тазарту ғимараты мен магистральді коллекторлар салынады

Астана жаңалықтары: Жыл соңына дейін Астанада жаңа тазарту ғимараты мен магистральді коллекторлар салынады

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов ОКҚ брифингте жаңа құрылыс туралы және ескі тазарту ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жыл соңына дейін Алаш тас жолы ауданында 2 тазарту ғимаратының құрылысы аяқталатынын және де тағы 2 магистральді коллектор мен 7 насос станциясын қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы су жинау алаңы 700 га дейін ұлғайтылмақ.

«Қазір жаңа теміржол вокзалы маңайындағы Өндіріс тұрғын алабында, болашағы жарқын Тельман кенті мен Құдайбердіұлы көшесінде тазарту ғимаратының құрылысы басталып кетті», — деді Қ. Айтмұхаметов.

Бұдан басқа, 2020 жылы Жастар мен Ақбұлақ мөлтекауданында тағы да жаңа тазарту ғимараты салынатын болады. Айтмұхаметовтің айтуынша жобаны іске асыру нөсер суының кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде су жинайтын алаң 19 мың текше метрге дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар брифинг барысында Астана әкімінің орынбасары елордадағы проблемалы учаскелер туралы айтты. Оның айтуынша 2016 жылы су тасқыны жиі болатын учаскелер 37-ден 27-ге дейін азайды. Сондай-ақ соңғы күндері жауған жауын суы Момышұлы даңғылының қиылысы мен Тоқпанов көшесі, Уалиханов қиылысы мен Бараева, Тұран даңғылының қиылысы мен Ұлы дала көшесінде көптеп жиналғаны байқалды.

«Нөсер кезінде біз қосымша сағатына 2 мың қуаттылықпен су айдайтын насос орнаттық. ТЖД арнайы техникасы тартылды. Сонымен бірге тазарту ғимараты да үздіксіз жұмыс істеп тұрды», — деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның айтуынша Момышұлы даңғылы мен Уалиханов қиылысындағы көше және Бараевада жеткізуші коллектордың диаметрі кеңейтіліп, қайта жөндеуден өткізілді. Ал екінші объектіде су жинайтын тоғанның орнына — жерасты тазарту кешенінің құрылысы жоспарлануда.

«Тұран даңғылы бойынша және Ұлы дала көшесінің қиылысында насостардың жұмыс өнімділігін жоғарылату үшін жаңарту жұмыстары жоспарланды. Осы объекті бойынша жобаны модернизациялауға әзірлік басталды, оны іске асыру 2019 жылы басталып 2020 жылы аяқталады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК екі тәулікте 20-сы мен 21 тамызда астанада жауынның айлық көрсеткіш нормасы 40 % жоғары болғанын айтты. Осыған орай, нөсер кәрізі жүйесі үзіліссіз жұмыс істеп тұрды.

«1 млн текше су тасқынын қабылдадық немесе сағатына 45 куб. Негізгі магистралдық көшелерде судың жиналып қалуы белгіленбеді. Өйткені, жауын-шашын бірыңғай жаумады. Коммуналдық қызметтер осы күндері тәулік бойы жұмыс істеді», — деп хабарлады Қ. Айтмұхаметов.

Айта кетейік, 2016 жылы қалада 9 тазалау кешені мен 3 су жинайтын тоған болған. Су жинайтын алаңы бар-жоғы 8,7 га болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бағдарлама әзірленіп, қатаң түрде кестеге сай қаржыландыру лимиті бекітілді.

2016 жылы Тұран даңғылы мен Ұлы дала, 31 көше бойынша және ПМК 6 ауданындағы Сейфуллин көшесіндегі проблемалы 4 тазарту кешені аяқталған болатын. Сонымен қатар, Көктал мөлтекауданындағы тазарту ғимараты қайта жөндеуден өтті. 2016 жылы су жинайтын алаң 4,3 га дейін кеңейтілді.

2017 жылы Бейсекова көшесінде 3 тазарту ғимаратының құрылысы аяқталды, су жиналатын алаңы 912 га құрады, ал Тұран даңғылы мен Жәнібек Керей және Сығанақ көшелері арасында тазарту кешенінің алаңын ауыстырды, оның су жиналатын алаңы 1500 га құрады. Пригородный тұрғын алабында да жалпы ұзындығы 17 км магистральді коллектор салынды. Ол жауын суын Есіл өзеніне құю үшін арналған. Су жиналатын алаңы 2 мың га дейін кеңейтілді. Бұл қаланың сол жағалауында су тасқынының алдын алуға мүмкіндік берді, оның үстіне дәл осы кездері «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізілді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше