Атырау облысы 25-26 тамыздағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкеледі
25-26 тамызда «Қазақстан» СК тұрақ алаңында Атырау облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Атырау облысының аграрийлері 12,5 тонна картоп, көкөніс пен бақша өнімдерін, ет өнімдерінің 10, сүт өнімдерінің 2,5 тоннасын әкеледі. «Карат» пен «Асыл агро» кәсіпорындары үш мыңға тарта консерві мен шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқасын саудаға қояды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге балықтың 20 тоннасы әкелінеді деп күтілуде.
Балық өнімдерін атыраулық «Аманкелді» мен «Тілекші» кәсіпорындары, Құрманғазы ауданының «СевКАзКаспий» ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны ұсынады.
Дәстүр бойынша сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынады.
Пікір жоқ әзірше