Қыркүйекте қоғамдық көлікте жүргені үшін жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкін болады

Астана жаңалықтары: Қыркүйекте қоғамдық көлікте жүргені үшін жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкін болады

Бүгін «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылармен мен багажды тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» қала әкімдігінде қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Құжат қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізуді көздейді.

«Қоғамдық көлік пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін электрондық төлеудің қосымша сервистерін енгізу қажет. Бүгінгі таңда жол ақысын төлеудің екі тәсілі бар. Бұл ретте, өздеріңіз білесіздер, қалада сараланған тариф жұмыс істейді, қолма қол ақшамен төлеу кезінде – кәдімгі қалалық бағдарларда 180 теңге және қолма қол ақшасыз, электрондық карта арқылы төлеуге кезінде – 90 теңге. Біз жол ақысын SMS және мобильді қосымша арқылы төлеудің тәсілдерін қарастырып жатырмыз», деді « Астана LRT» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Аталған тәсіл жол ақысын телефон көмегімен SMS не мобильді қосымша арқылы сол мезетте төлеуге мүмкіндік береді.

«SMS ақылы төлеу үшін қолда ұялы телефон болса болғаны. Барлық ұялы телефон SMS функциясын қолдайды» деді Б. Игенбердинов.

SMS хабарлама арқылы төлеу үшін арнаулы қысқа номір жұмыс істейді, ол еліміз бойынша барлық ұялы операторларының клиенттеріне қолжетімді.

Смартфон иелері жол ақысын арнайы қосымша арқылы SMS көмегімен мына тәсілдер арқылы төлей алады:

-Автобус деректерін енгізу;

-Көлік құралын геолокация бойынша анықтау;

-Автобустағы жапсырмадан QR-кодты сканерлеу

Android операциялық жүйесіндегі телефондардың иелері жол ақысын қосымша NFC арнайы белгімен төлей алады.

SMS арқылы және мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде жолаушы телефонына электронды билет алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда автобустарында сараланған тариф бекітілді.

Осылайша, қалалық бағдарларда жүргені үшін төлемді картамен жүзеге асыру кезінде жол ақысы өзгеріссіз 90 теңге көлемінде қалды. Бұдан бөлек, көлік картасын пайдаланушыларына арналған басымдық – бірнеше көлікке ауысып отырып, тегін жүру құқығы сақталды. Ақшалай төлем кезінде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше