«Сергек» жүйесі енгізілгеннен кейін ЖКО-ның саны 21 %азайды- әкімдік

Астана жаңалықтары: «Сергек» жүйесі енгізілгеннен кейін ЖКО-ның саны 21 %азайды- әкімдік

Елордада Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары әкімдігі мен «Зерде» Холдинг» АҚ және IT нарығы өкілдерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдардың цифрландыру күні өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Цифрландыру күні – мемлекеттік органдар мен IT нарығы өкілдерінің арасындағы диалог, диалогтың басты мақсаты мемлекеттік органдардың нарықтық ұсыныстарға ашықтығы, IT нарығын мемлекеттік органдардың жоспарлаған жобаларымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру.

Астана қаласы әкімдігі қалада әртүрлі салада жүзеге асып жатқан төрт жобаны таныстырды, олар Smart — денсаулық, iKomek қалалық жедел мониторинг және ден қою және «Сергек» интеллектуалды көлік жүйесі және фото – бейне фиксациялау жүйесі.

Астана қаласы әкімдігінің өкілдері атап өткендей, «Сергек» фото – бейне фиксациялау жүйесі енгізілгеннен бері қалада жол-көлік оқиғасының азайғаны байқалған.

«Өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 21 пайызға, осы жол көлік оқиғасынан жарақат алғандар саны 20 пайызға, ал оқыс оқиғалар саны екі есе төмендеді. Сонымен қатар, Астана әкімдігі қаланы барынша жайлы және қолайлы ету мақсатында цифрландыру бойынша тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруды қолға алғалы отыр: қылмыскерді болжамдау мен бағалау және бет-бейнені предиктивті талдау», деді отырыс барысында инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

Қалған жобалардың іске асырылуы қаладағы қылмысты 40% — ға азайту арқылы өз тиімділігін көрсетті, қағазсыз құжат айналымы, ауруханаларда кезектерді азайту, қоғамдық көлікті ыңғайлы пайдалану және басқа да оң өзгерістер.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше