«Қауіпсіз жол» ЖАІ қорытындысы шығарылды
Жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік апаттарының санын азайту, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында 8-10тамыз аралығында елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қауіпсіз жол» шарасы барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болатын жол қиылысындағы ережені өрескел бұзуды анықтауға бағытталғанбірқатар рейд жүргізді.
Сонымен қатар, көлік ұйымының өкілдерімен бірлесе отырып қоғамдық автокөлік жүргізушілері арасындағы ЖЖЕанықтау күшейтілді. Жедел алдын алу іс-шарасы барысындаавтожолдарда Астана қаласы ІІД жол патруліндегі аппарат қызметкерлерінің қадағалау жұмыстарының ауқымы күшейтілді.
Қаладағы жол ережесін бұзуды негізінен автоматтандырылған жүйелермен фото-бейнетіркеу,«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенкөмегімен анықтайды.Үш күнге жалғасқан «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында фото-бейнетіркеу жүйесі 6000 тәртіп бұзушылықты анықтаған.
Полицейлер автокөлік жүргізу ережесін бұзған 700 көлік иесін анықтаған.Олар алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісінің телефон арқылы сөйлесу сияқты т.б. жол ережелерін бұзуға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға баса назар аударды.
Пікір жоқ әзірше