Астанада жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгінгі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өткізілетін болады.

Алғашқы үміткерлер әңгімелесуге 11 тамызда № 31 мектеп-гимназияда (Кеңесары к-сі, 49) және № 84 мектеп-лицейде (Ұлы дала д-лы, 7/1) келе алады.

Жәрмеңкені өткізу уақыты: сағат 10:00-ден сағат 13:00-ге дейін.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер әр сенбі күні (11, 18 және 25 тамызда) өтетін болады. Қазіргі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы.

Болашақта елорда мектептерінде жұмыс істейтін жас мұғалімдер хостелдер мен жатақханаларда тұра алады. Алдағы уақытта жас отбасыларға шағын габаритті пәтерлердің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше