Астанада "Кедергісіз Қазақстан" акциясы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада Кедергісіз Қазақстан акциясы басталды

Елімізде алғаш рет «Кедергісіз Қазақстан» акциясы басталды. Ендігі таңда ерекше күтімді қажет ететін балалар апта сайын еліміздің ірі кинотеатрларында тегін фильмдер көре алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімдігі мен «Kinopark Theatres» кинотеатр желісі мен «Q Group» компаниясының тобы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Мемлекет пен бизнестің әріптестігі арқасында барлық ерекше күтімді қажет ететін балалардың еліміздегі ірі кинотеатрлардан ақысыз түрде фильм көру мүмкіндігі пайда болды. Көрермен ретінде аутистік спектрі бұзылған және қаладағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі ДЦП ауыратын 150 бала және «Қасиетті Жол», «Солнечный Мир», «Дар», «Равные возможности» қоғамдық қайырымдылық қоры шақырылды. Ата-аналар – мұны ерекше балалардың дамуы мен бейімделуіне жасалған үлкен қадам деп айтып жатыр.

«Біздің балалар кәдімгі киносеанстарға келе алмайды. Оларға ерекше жағдай керек. Олар тұтас қараңғы жерді, оқыс дыбыстарды көтере алмай қорқып жылайды. Сондықтан оларға лайықталып жасалған көрсетілім таңғажайып кино әлеміне енуге мүмкіндік береді. Мұндай нәрселер олар үшін аса маңызды, бұл балалардың елестету, өнер, қабылдауын дамытады. Осы акцияның арқасныда жай ғана дүниелер біздің балалар үшін қолжетімді бола бастады. Біз өте ризамыз», — деді «Солнечный мир» орталығынан келген баланың анасы Евгения Чеботаревская.

Кинозалда техника жарықты жұтып, дыбыс эффектілерін кішірейтіп, кинозалдың есігін ыңғайлы болу үшін ашып қойды. Одан басқа, кинотеатр қызметкерлері мен ата-аналар ерекше балалармен бірге дұрыс іс-қимыл жасаудың тренингінен өткізіледі.

«Біздің міндетіміз – балаларымыз үшін максималды комфорт пен тең жағдай жасау. Сонымен қатар, бұл жобаны ерекше балаларды әлеуметтендіру баспалдағы ретінде көріп тұрмыз. Біз балаларды шабыттандыратын фильмдер көрсетеміз. Өйткені олар ерекше. Олардың арасында таланттар көп, біз балалардың қабілетін дамытып, бейімделіп, үлкен биіктерге жетуіне көмектесуіміз керек», — деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Еске сала кетейік, акция еліміздегі әлеумет саясатын іске асыру мақсатында меценаттық принципті қозғалту және халықтың азаматтық белсенділігін жоғарылату, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары болып табылады және «Кедергісіз Қазақстан» акциясын іске асыру бойынша өткізіліп жатыр. «Q Group» тобының компаниясы әкімдіктің ұсынысына жауап қатып, аталмыш идеяны жалғастыратынын айта кетті.

«Осы тамыз айы бізге балаларға қанша фильм мен қандай мөлшерде фильм көрсету керектігін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни бейімдеу көрсетілімдері көп мөлшерді қажет етсе, онда біз көкжиегімізді соған орай кеңейте түсетін шаралар қолданамыз», — деді «Q Group» компаниясы тобының өкілі Сәуле Жұмажанова.

«Kinopark Theatres» кинотеатр желісі мен «Q Group» компаниясы тобының басшылығы өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына жауап қатты. Олар осылайша меценаттықтың дамуына үлкен үлес қосып, еліміздегі барлық кинотеатрларды «Кедергісіз Қазақстан» акциясын жылжытуға қатысуды және де еліміздің басқа қалалары мен астанадағы басқа кинотетар желілеріне балалардың ойын-сауық орны мен қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастыруға шақырды.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше