Астанада үлестік құрылыс мәселесі, ТКШ және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалай шешілуде?
Әсет Исекешев бірнеше рет қаланы аралап шығып және апта сайын өтетін жиын өткізді, онда әкімнің орынбасарлары мен аудан әкімдерінің және басқарма басшыларының елорда тұрғындарын алаңдататын қаланың тыныс-тіршілігі мәселесі жөніндегі өзекті мәселелері жайындағы баяндамасын тыңдады.
Сонымен ерекше бақылауда тұрған бағыттың бірі, тұрғын үй сапасын қамтамасыз ету мен проблемалы объектілердің мәселесін шешу. Өткен аптада Ведомствоаралық комиссия 26 даулы үлестік құрылыстың объектісін қарады. Сондай-ақ, «Елорда курылыс компаниясы» өкілетті ұйымымен «Территория комфорта 1 — Астана» ТҚК «Территория комфорта 1» ТК құрылысын бірлесіп аяқтау жөніндегі келісімшартқа қол қойды әрі қаржылай және техникалық аудит, техникалық зерттеу мен жобалау-сметалық құжаттама жүргізуге конкурс жарияланды. Сондай-ақ «Гарант Успех» ТҚК бірлесіп, құрылысы бітпей қалған «Азбука жилья» — «Гарант» ТК құрылыс компаниясының объектілерінің құқығын орнатып, құқығы барын растайтын құжаттарды тапсырып, бірлесіп істеу туралы келісімнің жобасы әзірленді.
Сонымен бірге, «ASI» инвестициялық құрылыс компаниясы» ЖШС объектісінің ағымдағы ахуалы айтылды, оның ішінде «Жағалау 3» КТҮ, блок А-Ж, «Жағалау 4» ТК полигон 4, «Шығыс» ТК 3А және 3Б» тұрғын үй тобы объектісі бойынша «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойылды.
Сонымен бірге, Әсет Исекешев өкілетті органдарға 1500-ден астам үлескердің көп бөлігін қамтитын және жақын арада құрылысын бастау үшін «Шығыс» 1А, 1В, 2А, 2В, 4 тобы (1-3 кезек) және 5 топ (2, 3 кезек) объектісі бойынша 5 күн ішінде әріптестік туралы келісімшартқа қол қою керектігін тапсырды.
Күн тәртібінде «Астана – жайлы әрі өмір сүруге қауіпсіз қала» бағдарламасының шеңберінде жобаны іске асыру болды. Айта кетейік, әкімдіктің негізгі жұмыстарының артықшылығы аулаларды дамыту. Әкім бүгінде астанада 1400 аула аумағы барын еске салды, соңғы екі жылда 300-ден астам аула абаттандырылғанын еске сала кетті.
Осы жылы 300 аула абаттандырылады. Жоспарланғанның ішінде жыл басынан бері «Алматы» ауданында 105 аула салынды. Ал «Есіл» ауданының аумағында қала билігі жылдың аяғына дейін 10 ауланы салып бітірсе, «Сарыарқа» ауданында 100 аула жоспарланған. Оның 20-сы салынып бітті. «Байқоңыр» территориясында осы жылы 7 ауланың аумағын салу жоспарланды.
Айта кетейік, әкім 2019 жылға дейін барлық аула территорияларын абаттандыруды аяқтауды тапсырды. Исекешевтің айтуынша, аула территорияларын дамытудың қатарына бағдарламаны іске асыруда қоғамдық және креативтік кеңістіктерді дамыту да маңызды бағыттардың бірі: ол саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер жолы мен бульварлар, халықтың барлық санаты үшін, оның ішінде балалар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар.
Демек, бүгінге дейін «Абу-Даби Плаза» мен Ботаникалық саябақ кешендерінің арасында орналасқан Ақмешіт пен Түркістан көшелері шекарасындағы Линейный саябағының бірінші кезекте құрылысы аяқталды. Әкім осы саладағы жұмыстарды жалғастырып, бос уақытты өткізетін қоғамдық жаңа аумақтардың құрылысын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен қатар, Әсет Исекешев тұрғын үйлерге қызмет көрсету сапасын әкімдіктің басымдық беретін жұмыстарының бірі екенін айтып өтті. Осы бағыт бойынша тапсырмалардың орындалу барысы туралы әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның баяндамасы тыңдалды. Ол қызмет көрсетуші компаниялардың жұмысына көңілі толмаушылықтың тағы бір себебі, тұрғындардың туындаған мәселеге салғырттығы мен өз араларында тұрғын үйдегі жалпы мүлікті ұстап тұратын пайдалану шығынын өзара бөліскісі келмейтіндігін айтты. Оның айтуынша, астанада жалға берілетін пәтерлер өте көп, соның салдарынан жалға берушілер ПИК жиналыстарына қатыспайды. Ал тұрғындардың көбісі пәтер иелерімен қоса үйге және айналасындағы территорияны күтім жасау үшін төлем жасамайды.
Бүгінде астана аумағында кондоминиум объектілеріне қызмет көрсететін 486 ұйым бар. Оның ішінде қызмет көрсетуші компаниялардың 50% жақсы жұмыс істеп жатыр, 30% — қанағаттанарлық және қалған 20% ПИК-терге көпқабатты үйлердің тұрғындарының көңілінен шықпайтынын айтты.
Осыған байланысты соңғы екі айда барлық қызмет көрсететін компанияға қатысты 107 ПИК-ке тексеру жүргізіліп, нәтижесінде айтылған ескертулерді жоюға ұйғарым берілді. Оның ішінде 8 ПИК-ке қатысты сот органдарына іс жолданып, әкімшілік айыппұл салынды.
Жоғарыда айтылғандарды ықылас қойып тыңдаған әкім өз жұмысын жауапсыз атқарған ПИК-терге қатысты шағым-арызды жалғастыруды тапсырды. Өз міндетін қасақана орындаудан жалтарған ПИК пен өз уақытында төлемеген тұрғындарға сеніп тапсырылған мүлікті қандай шығынға батырғанын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жүргізеді. Сондай-ақ лифт шаруашылығы саласында да дәл осындай тексеру жүргізу керектігі тапсырылды: лифтілердің техникалық жағдайын тексеру, қызмет көрсету сапасын, персоналды аттестациялық жұмыстан өткізу.
Бұдан бөлек, қаланы аралау жиыны барысында әкім қала тұрғындарына қауіп төндіретін тұрғын үйлердің қасбетін де қарап шықты. Сергей Хорошун техникалық жағдай бойынша ревизия нәтижесінде 107 үйдің қасбетінде осындай проблема бары анықталғанын мәлімдеді. Оның ішінде 85 үйдегі ескертулер алынып тасталды.
Қазіргі таңда 12 үйде осындай ақаулар анықталып, жою жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалған 9 үйдегі мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр, өйткені оның көбісі даулы үлестік құрылыс объектілерінде орналасқан әрі ауа райының қолайсыздығынан зақым келген. Осыған байланысты әкім жергілікті бюджеттен қаржыландырып ТЖ шеңберінде аталмыш объектілердің қасбетін қайта жөндеуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ қалалық сәулет, қала салу және жер қатынастары басқармасы басшысы Бахтыбай Тайталиевтің мәліметінше қазіргі таңда 200-ден астам объект өздігінен салынған әрі адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді деп танылды. Оның арасында жеке тұрғын үй құрылысы, барак типтес баспаналар, хостел, басқа да коммерциялық бағыттағы ғимараттар. Сонымен, соттың шешімімен 22 құрылыс сүрілуге кетеді деп жоспарлануда. Осыған байланысты, өкілетті органдарға адамдардың өміріне қауіп төндіретін өздігінен салынған объектілерді сүруде принципшіл болуды тапсырды.
Әкім нөсер канализациясы жұмысының сапасына да ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, бірқатар көшенің жүргін жолдарының су астында қалуына себеп болған нөсер жаңбырға қатысты жағдай да бар.
Қосман Аймұхаметовтың айтуына қарағанда, 4 тамызда жауын-шашынның орташа айлық нормасының (29 мм) жартысы, яғни 14 мм түскен. Осылайша, ҚР құрылыс нормаларына сәйкес, қаладағы нөсер канализациясының барлық желілері ұзақтығы 20 минуттан аспайтын жоғары интенсивті жаңбырға есептелген. Осы ретте нормадан жоғары мөлшерде жауын-шашын түскен кезде оның салдарын жою мен нөсер канализациясы коллекторларын құрғату жұмыстарына 2-4 сағат уақыт қажет.
Жауын ұзақтығы 2 сағатқа созылуы, күшті жауынның 30 минут бойы жауып тұруынан кейбір көшелердің жүргін жолдары су астында қалып қойды. Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша канализация коллекторларының басым бөлігі 40 минуттың ішінде тазартылған болатын. Алайда, нөсер канализациясының жөндеу жұмыстары аяқталмаған бірқатар жолдарды судан арылту жұмыстарына қосымша мамандандырылған техника тартылды. Осылайша, қаланың проблемалық учаскелерінде жауын-шашынның салдары 3 сағаттың ішінде жойылды.
Жалпы алғанда техниканың 127 бірлігі жұмылдырылды. Әкім Мемлекет басшысының нөсер канализациясы жүйесіне қатысты мәселенің толықтай шешілуі жөніндегі тапсырмасын орындап жатқанын атап өтті. Осы жылы Астанада нөсер канализациясының 11 нысанына қатысты жұмыстар аяқталмақ. Дәлірек айтқанда, қазіргі таңда 2 магистральді коллектор мен 7 сорғы станциясының жөндеу жұмыстары, 2 тазартқыш ғимараттың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар, проблемалы учаскелерді анықтауға қатысты өткізілген сараптамаға сәйкес, Әсет Исекешев қаланың ең осал үш бөлігіне қатысты жобаны іске асыруға кірісуді тапсырды: ол Иманов пен Ғабдуллин, Момышұлы мен Тоқпанов көшелерінің қиылысы, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі теміржол вокзалы алаңы.
Болған жағдайды ескере отырып, Әсет Исекешев мобильді топтардың нөсер канализациясының барлық желілерін, соның ішінде, құдықтар мен арналарды тазарту жұмыстарын тексеруге қатысты мәселені тұрақты түрде бақылауында ұстау қажеттігін айтты.
Бұдан басқа, бұрын әкім жүктеген тапсырмаға сәйкес, ТЖД басшысы Барат Дұзақбаевтың ТЖД-нің өртке қарсы қызметін мамандандырылған техникамен қамтамасыз ету жөніндегі есебі тыңдалды. Есепті тыңдаған Әсет Исекешев 3 жылға арналған бағдарламалық қаржыландыру, соның ішінде мамандандырылған техникамен қамтамасыз ету, өрт сөндіру деполарының құрылысы, МЖӘ жобаларын қаржыландыру және ТЖД-нің қызметін жүзеге асыруына арналған ғимараттарды бөлу мәселелерін қарауды тапсырды.
Сондай-ақ, кеңес барысында елорда әкімі Ikomek жүйесі мен әлеуметтік желілер қала тұрғындарының мәселелерін шешуге жете қарауға мүмкіндік беретінін баса айтты. Сондай-ақ транспорт саласында туындаған проблемалар. Әкім «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің қоғамдық көліктің жұмысы жөнінде, төлем жүйесінің ашықтығын көтеруге әсер еткендігі туралы есебін тыңдады.
Оның сөзінше алғашқы 10 күнде қоғамдық көліктегі дифференциалды тарифтің қозғалысы көлеңкелі айналымнан 15% ақшалай қаржыны алып шыққан. Орта есеппен валидацияда 42,3 млн теңге өндірілген. Жыл соңына дейін тасымалдаушылардың көлеңкелі айналымда қанша қаржыны жоққа шығарғанын көруге болады. Игенбердиновтің айтуынша бүгінде жолаушылар ағыны күніне 500 мың сапарды құрайды. Осыған қарамастан тұрғындардан жүргізушілердің біліктілігіне валидаторлардың жүйелі түрде үзіліп кететінін, GPS-трекинг пен автобус арасындағы интервалдарға деген шағымы азаймай тұр.
Осыған байланысты, «Астана ЛРТ» ЖШС жетекшісіне жүргізушілердің жұмысы мен автобустардың жай-күйіне қатысты жолаушылар түсіретін шағымдарға ерекше көңіл бөліп, оларды жедел түрде шешу тапсырылды. Сондай-ақ әкім мобильді топқа жолаушыларды тасымалдау талаптарына сәйкес емес автопарктерге қатысты транспорт саласында жүйелі бақылау жүргізуді тапсырды.
Мұнымен қоса, жолаушыларға қызмет көрсетуді реттеу мен жолаушылар тасымалы сапасын жоғарылату мақсатында автобус паркінің проблемалы № 2 және № 60 бағдарлары № 1 автопарктің меншігіне берілгені айтылды.
Пікір жоқ әзірше