«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мен Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:
1) «Үздік теледидар материалы»;
2) «Үздік радиоматериал»;
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»;
5) «Ел жүрегі – Астана».
Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге табысталады. Барлық жүлдегерлер дипломдармен, төсбелгілермен марапатталады.
Конкурсқа 50 жасқа дейінгі жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Сондай-ақ, бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
Конкурсқа 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан аралығында ресми түрде жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген комиссиясы шығарады.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, 213 каб., мекен-жайы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75-12-15).
Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz,www.fpp.kz сайттары арқылы танысуға болады.
Пікір жоқ әзірше