Астананың көшелеріне код пен индекс енгізуді ұсынды
Астананың қала көшелеріне біртіндеп индексация енгізуді ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Идентификациялық префикс – көшенің коды немесе басқалай сөзбен айтқанда қала бойынша үздік бағыт-бағдарға арналған бірегей әріп-цифрлы почта индексі.
Астаналық урбанистика орталығы хабарлағандай тиісті жоба қала салу кеңесінде қаралды.
Көшелерге индекс енгізудің қағидасы қаланы 6 бағыттаушы ауданға бөлуде жатыр – ол Оң (жағалау), Орталық, Шығыс және Сол (жағалау) – Батыс, Орталық, Шығыс. Ал шекаралар табиғи шекараларға сәйкес бөлінеді яғни Есіл өзені, Сарыбұлақ, Ақбұлақ, Талдыкөл өзені және Нұра-Есіл каналы.
Астаналық урбанистика орталығы хабарлағандай көшенің индексін білген адам оған керекті көшенің қай ауданда екенін нақты біледі және шамамен қайда орналасқанын болжайды.
«Индекс әлдеқайда ыңғайлы, көп адамдар көшенің атауынан жаңылысып жатады немесе есінде қалмайды. Мысалы, көлденең және тігінен орналасқан көшелер бар. Олар белгілі бір тәртіппен салынған – бірі жұп көшелер, ал басқасы тақ. Көшенің атауы префикс көшелермен кетеді және цифрлық көрсеткіші болады. Егер жұп болса яғни 2, 4, 6… Демек, келесі көше 6-дан кейін 8 болады деп ойлайсыз. Бұл бағыттауға арналған және префикс сенің қаланың қай тұсында екеніңді түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жаяу жүргіншілер мен автомобилистерге ыңғайлы», — деді Урбанистика орталығының орынбасары Асхат Садуов.
Префиксті біз адамдарға қай жақпен кетіп бара жатқанын білетін құрал ретінде пайдаланамыз. Сектордың аталуының екі нұсқасы бар: қазақ және ағылшын белгілерімен. Мәселен, ағылшынша N – North, S – South солай кете береді», — деді А. Садуов.
Бағдарлау үшін ағылшынша жазылған жағын пайдаланған жөн, өйткені олар көптен бері тұр және астанаға келген шетелдіктерге де түсінікті.
«Біз әрбір көшемен жеке-жеке жұмыс жасауды жоспарлар отырмыз. Оның концептін бекітіп те қойдық. Мекенжайды тіркейтіндермен бірге жұмыс істейміз, қазірдің өзінде кадастрлық мәліметтерді көшенің индексімен бірге қосымша көрсеткішпен игерудеміз. Көше атаулары әзірге бұрынғысынша қалады, тек қосымша қабат қосылады. Адамдарда қосымша таңдау пайда болады – әдеттегідей көшенің атауымен бағыт алады немесе астананың жаңа тұрғындары үшін префикс бойынша қозғалады», — деді Асхат Садуов.
«Қосымша функция бағдарлауға арналған. Мекенжай тіркеуінде әзірге бәрі бұрынғысынша қалады, тек қосымша тағы бір көрсеткіш пайда болады», — деді сарапшы.
Урбанистика орталығы сондай-ақ қазіргі таңда орындаушылардың қала көшелеріне индекс қағиадаларын енгізуге қатысты қоғамның пікірі мен бағасын білгісі келетіні айта кетті.
Жоба бойынша өз пікіріңіз бен ұсынысыңызды office@urbanastana.com. электронды мекенжайына жолдауыңызға болады.
Пікір жоқ әзірше