Астана әкімі тұрғындарды сенбілікке шақырды
Әсет Исекешев Facebook әлеуметтік желісі арқылы қала тұрғындарын елорданы абаттандыру науқанына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Қаламызда «Астана — таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында тазалық айлығы басталды. Барлық қалалық қызметтер белсенді түрде көшелерді тазалап, өзіне қарасты төңіректі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Әр адам елордамыздың ажарын ашуға бағытталған акцияға қатыса отырып, қаламыздың әр тұрғыны өз үйінің ауласын, саяқбақтарды одан да көркейте алады. Жаппай сенбіліктер 21 сәуір және 12 мамыр аралығында өтетін болады.
Бұл игі шараға барлық қала тұрғындарын да қатысуға шақырамыз.
Тазалық жұмыстарына қатысты керек-жарақтар сол жерде беріледі.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іске кірісейік!», — деп жазды өз парақшасында Әсет Исекешев.
1 пікір