«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Астана жаңалықтары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Бүгін Астана қаласы әкімдігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастыру негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда «Рухани жаңғыру» бардарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамалар зерделеніп және бағдарламаны алдағы уақытта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Ғылыми жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, өткен бір жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылап болашақта атқарылар жұмыстар жайлы айтып берді.

«Бұл бағдарламаның қазақ өркениетінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұған тек зиялы қауым өкілдері ғана емес, экономикалық, әлеуметтік кластер әсіресе жастар қызу араласып бағдарламаның мән-мағынасын теренңдете түсті және қалыптасқан, анықталған, белгіленген әртүрлі бағдарларда ұсынылды. Астана қаласының әкімдігі осы бағдарламаның жүзеге асуына екі жүзден астам шара өткізді. Оның ішінде тәрбие-білім, «Қасиетті Астана» бағытында көптеген шаралар өтті. Елордамыздың тарихын тануға, танытуға арналған, біздің белгілі ғалымдар қатысқан конференциялар, ашық сабақтар, студенттермен кездесулер өтті» деді Е.Аманшаев.

Осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елорда тарихының әртүрлі кезеңіне жататын мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерді таңдап «Қасиетті Астана» атты айдарымен кітап және электронды қосымшалар етіп шығару жоспарланған.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше