Қала билігі қыс басында балық аулаудың қауіпті екенін ескертеді

Астана жаңалықтары: Қала билігі қыс басында балық аулаудың қауіпті екенін ескертеді

Астана әкімдігі қала тұрғындарын өзен арқылы өтелетін өткелдерде жаяу жүріп және мұз үстінде балық аулаудан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астананың су қоймалары мұздың жіңішке қабатымен қапталып, тұрғындар мұз үстінде тұрып балық аулай бастады.

Осыған орай құтқарушылар су беті толық қатпайынша балық аулаудан бас тартып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Қазіргі күні мұздың қалыңдығы бірнеше сантиметрді құрайды.

Мұздың мұндай қабаты адамның салмағын көтере алмай соны қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Қалалық ТЖД бойынша департаменті қайғылы жағдайдың алдын алу үшін балықшыларды мұз үстінде тұрып балық аулаудан бас тартуға және қала тұрғындары мен қонақтарын өзенді мұз үстімен жүріп өтпеуге шақырады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше