Елорданың «Кезекші 109 қызметі» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» болып қайта құрылады
Астана қаласы әкімдігімен «Кезекші 109 қызметі» мемлекеттік мекемесін «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпкерлік етіп қайта құру жоспарлануда.
«Кезекші 109 қызметі» Астанада 2001 жылдың 28 тамызында құрылған болатын. Жаңа құрылым апаттық жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін барлық кезекші-диспетчерлік қызметтер әрекеттерін үйлестірген еді.
Қала тұрғындары мен қонақтары коммуналды-тұрмыстық сипаттағы кез келген оқиға кезінде Бірыңғай 109 нөміріне қоңырау шалып көмек ала алады.
Статистикаға сүйенсек, 2016 жылдың өзінде-ақ 109 қызметіне 400 мыңнан астам азаматтан арыз түскен. Проблемалы оқиғалардың 99% шешімін тапты.
Пікір жоқ әзірше