Астанада зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы басталды
Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Іс-шараның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Аталған акция аясында Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен жалпы әйел азаматтардың құқығын, еркіндігін, заңды ықыластарын қорғауға ынталы, мүдделі барлық тиісті органдар атап айтсақ жергілікті атқарушы билік өкілдері, Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясаты жөніндегі комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жәнеде бұқаралық ақпарат құралдары жиылған кеңейтілген дөңгелек үстел өткізді.
«Полиция әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де сондай-ақ күш көрсетулердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет ететін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады», — деді ЖПҚ бастығы Бақытжан Малыбаев.
Іс-шараның қортындысында Үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті полиция қызметі алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс жасау туралы мемарандумға қол қойды және бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілерімен, үкіметтік емес ұйымдарға алғыс хаттар табыс етті.
Дөңгелек үстелді студенттердің қызғылт түсті шарлармен, біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз атты флеш-мобы аяқтады.
Пікір жоқ әзірше