Өткен аптада қалалық 109 қызметіне 5 мыңға жуық өтінім түсті

Астана жаңалықтары: Өткен аптада қалалық 109 қызметіне 5 мыңға жуық өтінім түсті

Өткен аптада астаналықтардың 109 кезекші қызметіне түскен өтінімінен кейін қалада 82 жоспарлы және апаттық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары аула ішіндегі тазалық пен санитарлық ахуалға қатысты шағым көп түсті. Қарашаның 6 мен 13 аралығында 109 қызметіне 4871 өтінім түсті. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды.

Азаматтардан түскен шағым негізінде елордалық ұйымдармен 82 жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Астана Теплотранзит» АҚ –мен жылу трассасын жөндеу, бітеуіш орнату мен шарлы кранды алмастыру бойынша 4 жөндеу, «Астана су арнасы» тарапынан су құбырларын алмастыру бойынша 10 жөндеу жұмысы жүргізілді. «Астана РЭК» мекемесімен 59, «Астанателеком» қызметкерлерімен 7, «Астана қалалық жарық» — 1және «Астаналық дистанциялық электрмен қамтамасыз ету» мекемесімен 1 жөндеу жұмысы жүргізілді.

Айта кетейік, елордалық 109 қызметі «Астана Innovations» компаниясымен әзірленген «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Әрбір тұрғын аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, кез келген сұрағын қоя алады. 6-12 қараша аралығында қосымшаға 20 өтінім түсті.

Бұған қоса 109 қызметінің «Фейсбук», «Твиттер» және «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде ресми парақшасы және электронды адресі бар. Ресми мәліметке сәйкес өткен аптада әлеуметтік желілер арқылы 2 өтініш пен 5 мессенджер түсті. Сондай-ақ 164 өтінім бірыңғай электронды жүйеге(қала әкіміне жүгіну) түсті.

Осылайша өткен аптада 109 кезекші қызметіне азаматтардан 4871 өтінім түсті.

Ескертейік, тұрғындар 109 қызметіне әлеуметтік желілер арқылы жүгінгенде нақты мекен-жайы мен өтініш берушінің мәліметтері және байланыс телефонын міндетті түрде көрсету керек.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше