6 мың бала елордалық аквапаркке тегін барып қайтады

Астана жаңалықтары: 6 мың бала елордалық аквапаркке тегін барып қайтады

Астанада аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1500 бала жабулы аквапаркте болып қайтты деп мәлімдеді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин аппараттық кеңес барысында. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Астана қаласы әкімдігі мен «Ailand» отбасылық демалыс орталығы арасындағы келісімге сәйкес аквапаркке барлығы 6 мың бала тегін барып қайтады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 4,5 мың бала аквапаркте болып қайтады. Бұл – оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар.

Естеріңізге салайық, балалар мен ересектерге арналған жасанды су қоймасы ағымдағы жылдың жазында пайдалануға берілген болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайды.

Ойын-сауық кешенінде аттракциондар, шешінетін бөлмелер, моншалар, демалыс және тамақтану орындары бар.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше