Қазақстанның әр тұрғыны сүйікті астанасына сыйлық жасай алады
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі ерекше акцияны қолға алды. Енді кез-келген адам өз атынан сүйікті астанамызға орындық сыйлай алады және қаламыздың өзі қалаған кез-келген көрікті жеріне қоя алады, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.
Бүгін «Сарыарқа» ауданы әкімдігі Урбанистика орталығымен бірлесе отырып «Астана тарихында өз есімінді қалдыр» атты қайырымдылық марафонын қолға алды.
Енді Елорда тұрғындары қалымыздың саябақтарына, скверлеріне және Есіл жағалауына өз аты жазылған немесе отбасылық атаулы күнге арналған ескерткіш тақтайшасы бар орындық сыйлай алады.
Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, осылайша Астана тұрғындары өзінің сүйіктісіне, отбасылық атаулы күнге, жанұялық мерекелерге арнап осындай қоғамға пайдалы сыйлық жасай алады.
Бүгін «Сарыарқа» ауданының әкімдігі аталмыш акцияны қолдаған заматтарға атаулы сертификаттар табыс етті.
«Жолдасым екеуміз осы Есіл жағалауында таныстық. Ол орындықта телефонмен сөйлесіп отырды, мен келіп жанына жайғастым. Сүйтіп өмірлік серігімді осы Есіл жағалауындағы орындықта жолықтырдым. Қазір екі кішкентайымыз бар. Сол себептіде осы акцияны қолдадым. Және басқада жастар тура осы біздің атаулы орындығымызда өмірлік серіктерін жолықтырар деген ниетте бар», дейді сертификат иесі Әлібек Сисембин.
Қала көркін бұзбау үшін орындықтар белгілі бір стандартқа сай жасалуы тиіс. Егер Астанамызға осындай сыйлық жасағыңыз келсе Урбанистика орталығының сайтында орындықтардың онға тарта үлгісі және бағалары көрсетілген.
Пікір жоқ әзірше