Жұмыс берушілер жұмысшыны портал арқылы таба алады
Соңғы екі айда Астанада www.enbek.kz порталы арқылы 206 жұмыс беруші 1193 бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласының Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың мәліметінше жұмыспен қамту қызметін жетілдіруге қатысты Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы алғаш болып қыркүйек айында жаңа форматта жұмыс істей бастады.
«Негізгі өзгесітердің бірі ол HR – қызметі тұрғысынан жұмыс берушілерге қажетті мамандарды сапалы түрде таңдау болып табылады. Яғни, егер бұрын Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілерге жұмыс орындарын іздесе, ал қазір, жұмыс берушілерге мамандар іздейміз», — деді Е.Оспанов.
Сондай-ақ енді жұмыс берушілерге бос жұмыс орындар туралы мәліметті беру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп жүрудің қажеті жоқ.
«Ол үшін www.enbek.kz порталына тіркеліп жеке кабинет ашу арқылы өзінің бос жұмыс орындарын көрсете алады, ал жұмыс іздеушілер осы порталда электрондық түйіндемелерін толтырып, бос жұмыс орындарын қарай алады», — деді басқарма басшысы.

Пікір жоқ әзірше