Жыл басынан бері елордалық 109 қызметіне 400 мыңдай адам жүгінді
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында 109 қызметіне 394 183 өтінім тіркелді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Кезекші бөлімшеге түскен қоғыраулардың 350 мыңнан астамы ақпараттық-анықтамалық сипатта, ал 40 мыңы коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге қатысты.
Тұрғындар тарапынан түскен шағымдардың басым бөлігі, нақты алғанда 3425-і ПИК тарапынан ауыз судың болмауымен байланысты. Одан соң көшелер мен аулаларды су басу, электр энергиясының болмауы, кәріздік құдықтар мен жеделсаты жұмысының тоқтауына қатысты.
Айта кетейік, елордалық «109 кезекші қызметі» 2001 жылы құрылып, тәулік бойы жұмыс істейді. Онда қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жоспарлы-апаттық жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, елорда тұрғындарына жедел әрі нақты ақпарат беріледі. Сонымен бірге аталған қызмет қала басшылығы төтенше оқиғаларға қатысты ақпараттандырып, тұрғындардан коммуналдық-тұрмыстық мәселелерді шешуге тапсырыс қабылдап, оларда шешуде қалалық құрылымдардың жұмысы үйлестіріледі.
109 қызметі тұрғындардан телефоннан бөлек, әлеуметтік желілер (Facebook www.facebook.com/astana109/, Instagramhttps://www.instagram.com/astana109/?hl=ru, Twitter twitter.com/astana109) және Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы өтінім қабылдайды.
Пікір жоқ әзірше