Астанада ХХІІІ Олимпиада ойындарына 100 күн қалуын атап өтті
Елордада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Астана қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуын атап өтуге арналған шара өтті деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.
Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай «Алау» мұз сарайында танымал спортшылардың, спорт сүйер қауымның қатысуымен жаппай сырғанау өткен болатын.
Шара барысында жазғы спорт түрерінен олимпиадашы спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан үмітті Қазақстан құрама командасының мүшелеріне сәттілік тіледі. Тілекшілердің қатарында Елдос Сметов, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гузель Манюрова, Арман Чилманов бар. Олар жанкүйерлермен бірге мұз айдынында конькимен сырғанады.
Мұз айдынында, сондай-ақ, конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасының мүшелері шеберлік сабағын өткізді.
«Олимпиада ойындары кез келген спортшының өміріндегі ең басты жарыс. Сондықтан әр спортшы сол ойындарға ерекше дайындалады. Қазіргі біздің басты мақсатымыз Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтіп, жолдама алу болып табылады. Ал ойындарда жақсы нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімізді салатын боламы» — деді Қазақстан құрамасының белді мүшесі Денис Кузин.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында өтпек.
Пікір жоқ әзірше