Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі 1 қарашада өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі 1 қарашада өтеді

Астанадағы «Думан» қонақ үйінде құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі 2017 жылдың 1 қарашасында өтеді деп хабарлай елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп инвесторларға арналған құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті үшінші жәрмеңкесін өткізеді.Әлеуетті инвесторларға құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылатын болады деп күтілуде.

Шара мақсаты – елордадағы проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау.

Жәрмеңкеге нысандардың құрылысын аяқтауға қаржысын салуға дайын әлеуетті инвесторлар қатысушы ретінде шақырылды. Олар үшін нысандармен танысуға арналған мәліметтер дайындалды. Материалдар бойынша қажетті ақпараты бар төлқұжат әзірленді.

Бұдан басқа, әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүгінгі таңдаТҚК-дегі 28 нысан (5мыңнан астам инвестор) қала прокурорының талабы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтайтын кәсіпкерлерге тапсырылды, 12 нысан бойынша (2300-ге жуық инвестор) жұмыстар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі мен прокуратура органдары бірлесіп, проблемалы нысандар бойынша инвестицияларды тарту ісіне қолдау көрсетуде. Солардың ішінде 19 сәуір мен 26 шілдеде өткен жәрмеңкелерде 16 нысан таныстырылған болатын.

Өткен жәрмеңкелердің нәтижесінде құрылысы аяқталмаған 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау жөніндегі келісімге қол қойылды («Скай сити» ТК, «Байтау», «Алға самал», «Хазрет», «Пана», «Табысқұрылтай»).

Жәрмеңке «Думан» қонақүйінде 1 қараша күні сағат 15:00-де басталады.

Қызықтырған сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 55-64-71, 55-64-73, 70-27-66, 71-24-36.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше