Астанада қаланың шет жағындағы ойын-сауық орындары мәселесі

Ұлттық академиялық кітапханасында «Астана қаласының шет маңайындағы тұрғындар үшін ойын-сауық орындарын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығының тілшісі.

Жиынның модераторы болып Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов тағайындалды.

Дөңгелек үстелде баяндамаларымен жастар саясаты мәселесі жөніндегі, мәдениет, спорт, білім басқармасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аталмыш мәселеге жетекшілік ететіндер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, блогерлер мен басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

Осының алдын «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік мәселелердің картасы» жобасын жүзеге асыру барысында 1500-ден аса поселке тұрғынымен сауалнама жүргізіп, елорда маңындағы ауылдар мен поселке тұрғындарымен өткізілген 22 кездесуде, халық үшін ең өзекті мәселе бос уақытты өткізетін ойын-сауық орындарын салып берсе деген тілектері барын анықтаған болатын.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше