Елорда кемелері жолаушы тасымалдауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізді



Биылғы жылдың кеме маусымында Есіл өзеніндегі теплоходтар 35 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Осылайша «Есіл Астана» МКҚК алты ай ішінде 2017 жылдың жоспарын 60 пайызға артығымен орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Есіл Астана» МКҚК директоры Қанат Алинның айтуынша жолаушылардың артуына қалада өткен түрлі мәдени-спорттық шаралардың септігі тиді.

«10-шы мамыр мен қазан аралығында Есіл өзеніндегі навигация маусымында шамамен 35 мыңнан астам жолаушыны тасымалдадық. Маусым басында кемелеріміздің техникалық мүмкіндігін ескеріп 20 мың адам тасымалдаймыз деп жоспарлаған едік. Әрине бұл біз үшін өте жақсы көрсеткіш. Ең бастысы кеме маусымында ешбір төтенше жағдай болған жоқ. Себебі, жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізіліп, жеке құрамның дайындығы жоғары деңгейде болды», — деді медиа орталықтың т ілшісіне берген сұхбатында кәсіпорын директоры Қанат Алин.

Осы жылы алғаш еңгізілген кемедегі түнгі серуен сәтті жүзеге асырылды. Жолаушы тасымалдауда рекордтық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берген де сол.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше