Астанада 9900 орынға арналған тоғыз мектептің құрылысы басталды

Қала әкімі жаңадан салынып жатқан балабақша, мектеп, колледждердің құрылысын бақылауда ұстауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Жыл сонына дейін әр қайсысы 240 орынға арналған екі балабақша қолданысқа беріледі. Бірі Сарайшық мөлтек ауданында, екіншісі Макаренко, Радищева көше қиылысында орналасқан.

Қазіргі күнде мемлекеттік — жеке әріптестік аясында 1680 орынға арналған алты балабақшаның жобасы жүзеге асырылуда, берілу мерзімі 2019 жыл. Сонымен қатар, жаңадан ашылған 79 жеке меншік балабақшада мемлекеттік тапсырысты орындау аясында 6359 орын ашылады.

Көшпелі кеңес барысында Сарыарқа ауданында орналасқан 1 200 орынға арналған мектеп құрылысының барысы баяндалды. Құрылыстың аяқталуы 2018 жылдың тамыз айы. Ғимарат Күмісбеков — Бигелдинов, Абай мен Сарыарқа даңғылы аймағында орналасқан.

Жаңа оқу жылында мектептерде орын жетіспеушілікті шешу мақсатында 2 600 орынға арналған бес жапсарлы ғимарат салынып, қолданысқа берілді. Жаңа корпустар мына мекен жайларда орналасқан: № 37 мектеп – Күйші Дина 46/2, № 16 мектеп – Кенесары 81, № 17 мектеп-гимназия – Қабанбай батыр 9/1, № 22 мектеп– Жирентаев 16, № 32 мектеп – Абылай хан 25/3. Әсет Исекешев барлық корпустын дайындығын тексерді.

Сонымен қатар, әкім күрделі жөндеу жүрген № 29 орта мектепте болды. Бұл мектепте былтыр сымнын қысқа тұйықталуынан өрт шығып білім ошағына айтарлықтар зақым келтірген. Осы жазда жаңа блок тұрғызылып, инженерлік желілер өткізілді, жаңа терезелер мен есіктер орнатылды.

Қаламыздың 74 орта білім беру мекемесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру ұйымдастырылды. Оқу барысына әр түрлі диагнозы бар оқушылар барады (қант диабеті, эпилепсия, туа біткен даму ақаулары, тыныс демікпесі, лейкоз және т/б).

Сонымен қатар, Әсет Исекешев мүгедек балаларға арналып ашылған каратэ және жүзу секциялар жұмысымен танысты. Қазіргі күні бас қаламызда мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен еркін шұғылдануына бар мүмкіндік жасалуда.

Көшпелі кеңес барысында Қарасай батыр көшесінде орналасқан Көпсалалы колледждің күрделі жөндеу жұмыстары туралы баяндалды. Оқу орнынын екі блогында жөндеу аяқталған, үшінші блокта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осы жылы 9900 орынға арналған 9 мектептің құрылысы басталды:

1. Абай – Бегендинов көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

2. Оқжетпес – Бөкеев көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

3. Қорғалжын тасжолында орналасқан 900 орынға арналған мектеп;

4. Нәжмиденов – Қалдаяқов көше қиылысында орналасқан 1200 орынға арналған мектеп;

5. Өқжетпес – Қарталы көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

6. Сейфуллин – Омаров көше қиылысында орналасқан 900 орынға арналған мектеп;

7. Сауран — № 26 және Хусеин бен Талал көшелер қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

8. № 41 – Жұмабаев көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп;

9. № 31 – Нұра Есіл көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп.

Сонымен қатар, Иманов — Брусиловский көше қиылысында 900 орынға арналған оныншы мектептін құрылысы жоспарланған. Тұрғындары неғұрлым тығыз орналасқан аудандарда 37 мектеп және 10 қосымша құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу бойынша сұрақтар қаралды.

Көшпелі кеңес барысында, қала әкімі Әсет Исекешев білім басқармасының басшысына және орынбасарларына құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарын қадағалауда ұстауды тапсырды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше