Астананың бизнес орталықтары жаңа стандарттарға сай салынатын болады

Жеке кәсіпкерлерге өздеріне ұнаған және қалтасына қонымды үй-жайды жалға алу жеңіл болады,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Қала билігі жаңа еуропалық стандартқа сай келетін ҚНМЕ-н (Құрылыс нормалары мен ережелері) енгізуді жоспарлап отыр. Соңғысы айтарлықтай жеңілдетіліп, өз кезегінде ғимараттын құрылыс құнына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Орта Азиялық жылжымайтын мүлік форумында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты.

«Біз кәсіпкерлерге офистік үй-жайлардың шағын мөлшерлісін жалға беру жайын талқыладық. Және ҚНМЕ бойынша шектеулер бары анық, құрылысшыларға бұндай ғимараттар салу қиын. Яғни шаршы метрі аз, оған қоса жуынатын бөлме мен дәретхананың болуы, ол құрылысшы үшін белгілі бір қолайсыздықтар тудырады. Оларға осының барлығын белгіленген құрылыс құнына енгізу керек. Жәнеде бұл жобалау барысына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені қазіргі заманғы ғимараттар мүлде басқа талаптарды қажет етеді. Жалпы біз еуропалық стандарттарды енгізуді қолға алуды көздеп отырмыз»,-деп айтты М.Бектұрова

Жуық болашақта ҚНМЕ-ге өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше