Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Астана жаңалықтары: Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар таныстырылды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған кітаптардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Кітаптар Астана қаласынның 20 жылдығын атап өту барысында қолға алынған шаралардың басы. Бірінші кітап Саухат Жұмагүлдің «Сағындырған асылдар» атты кітабы. Бұл кітапта қазақ ұлтының өнеріне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбектері енген.

«Бұл кітапқа астанамыз Алматыдан Астана көшкенде Елордамыздың мәдени, әдеби ортасын қалыптастырып, өнер ордасын құруға атсалысқан ақын-жазушылардың ой тұжырымдары, толғаныстары еніп отыр», — деп атап өтті ішкі саясат бармасының басшысы Е.Каналимов.

Ал, қалған үш кітап блокнот ретінде шығарылған. Кітапта қаланың Бозоқтан Астанаға дейінгі қызықты, ғаламтор беттерінде жарық көрмеген тарихы айтылады. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Оның құрылымы да айтарлықтай жеңіл болу үшін оқырманға Айя есімді робот көмектеседі.

«Астана қаласының тарихынан сыр шертетін заманауи кітап «Ел жүрегі — ажарлы қала Астана» деп аталып отыр. Кітап авторы Зәуре Төреханова. Ішінде екі кейіпкері бар екеу ара әңгімелесу арқылы Астананы таныстырып отырады», деп айтты Е. Каналимов.

Шара барысында Ерлан Каналимов оқырманның, кітап сүйер қауымның қалауымен, солар ұсынар тақырыптарға арнап кітап шығаруға біз дайынбыз соған сіздер атсалызсаңыздар деген тілегін жеткізді.

«Сіздер оқушылар, студенттер арасында сауалнама жүргізіп қазіргі заман оқырманын қызықтыратын тақырыптарды атасаңыздар. Біз оқырман сұранысына сай кітаптар шығаруға дайынбыз»,- деді ведомсво басшысы.

Шараға қаламыздың мектептерінің, колледждерінің тағы басқа білім ошақтарының кітапханашылары қатысты. Шара аясында оларға аталмыш кітаптар табыс етілді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше