Астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған

9 ай ішінде бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы өңірлік өнім 2 318,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9% өскен. ЖӨӨ үлесі ЖІӨ-10,8%-ға өсті.

ЖӨӨ жан басына шаққандағы 2 343,1 мың теңге, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары (1 198,6 мың теңге).

2 043 мың кв.м.тұрғын үй беріліп, 24,2% өсім көрсеткен.

Астанада шағын бизнесті дамыту аса маңызды санатқа жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту динамикалық құбылыс. Жыл басынан бері ШОБ субъектілері 7,1%, бұл ретте, олардың шығарған өнім көлемі 55,8% өскен.

Оған жұмыс орындарын ашу және көбейту сеп болған. Жыл басынан бері елордада 14 234 жаңа жұмыс орны ашылған. Соның ішінде 12 060 орын шағын және орта бизнеске тиесілі.

Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша 2017 жылдың 2 кварталында қаламызда жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 12% өсім көрсетіп 746,8 млрд теңгеге ұлғайған. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 9 ай ішінде 375,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп 7,4% өсім көрсеткен, оның ішінде өндеу өнеркәсібі 7,2%, электрмен жабдықтау 9,8%.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше