Астана қаласында барлық мекемеге жылу берілген
Қазіргі таңда орталықтандырылған жылыту жүйесіне 5 497 ғимарат қосылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласы әкімдігінде өткен аппарат жиналысынан.
«Жылыту маусымы бойынша барлық мекемелер штаттық жүйеде жұмыс жасауда, барлық тұрғын үйлер орталық жылуға қосылған», — деп айтты Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.
Қала бойынша 2 250 көпқабатты тұрғын үй бар, барлығы орталық жылуға қосылған, барлығына жылу берілген.
Сонымен қатар мектептер, ауруханалар, мәдени ошақтар жылумен толық қамтылған.
Қазіргі күні жылуға орташа баға 2 589 теңгені құрап отыр.
Еске салайық, 2016-2017 жылыту маусымына дайындық кезіңде «Астана-Энергия» АҚ-ның басты және қосымша құрал-жабдықтарына кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жүз пайыз қуатында жұмыс жасауда.
1 пікір