«Сергек» камералары қосылғалы Астанада ЖКА азайды

Астана жаңалықтары: «Сергек» камералары қосылғалы Астанада ЖКА азайды

Қыркүйек айында жол көлік апаты өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 10% азайды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

2016 жылдың қыркүйек айының 1 мен 14 аралығында 41 ЖКА орын алса, 2017 жылдың осы аралығында екі есеге азайып, 21 апат тіркелді. 2016 жылдың 15 мен 30 қыркүйегінде 49 ЖКА тіркелсе, 2017 жылы осы кезеңде 30 жол апаты тіркелді. Сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны азайды.

2016 жылдың қыркүйек айының алғашқы жартысында ЖКА 44 адам жарақат алса,2017 жылдың салыстырмалы кезеңінде зардап шеккендер саны екі есе азайды (23 адам).

2017 жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында 34 адам зардап шексе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 52 құрады.

Айта кетейік, 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Астанада «Сергек» фото және бейне түсірілімі бойынша ЖЖЕ бұзу фактілеріне байланысты әкімшілік іс қозғау процедуралары іске қосылған болатын.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше