Елордада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды
2017-2018 жылғы жылыту маусымына энергия көздерінің 96 %, сумен қамту және су тарту желілерінің 100%, жылу желілерінің 96,9% дайын. ЖЭС-дағы көмір қоры 356 678 тоннаны, мазут қоры 5341 тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметтерінше, бүгінгі таңда 5497 нысанның 4076-ның орталықтандырылған жылуға қосылған. 62 мектептің 62-сіне, 76 балалар бақшасының 75-сіне, 21 оқу орнының 20-сына жылу берілген, деп хабарлады бүгін қалалық әкімдіктің аппарат жиналысында.
Қаладағы 2310 көппәтерлі тұрғын үйдің 2306-ы жылуға қосылды. Әкімдіктің ақпаратынша, 4 көппәтерлі үй орталықтандырылған жылуды қабылдауға дайын емес. Бұл үйлер «Сарыарқа», «Есіл» аудандарында орналасқан. Мәселен, Ақан сері 16 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде 8 коллектор үзілген. Олар монтаждық жұмыстар аяқталған соң іске қосылатын болады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 5 блоктың 3-уі іске қосылған.
Басқа да «проблемалы» тұрғын үйлер бойынша мәселелер шешіліп жатыр.
Пікір жоқ әзірше