Астанада қарияларға құрмет көрсетілді

Бүгін елорда әкімдігі жүзден астам зейнеткерді құттықтады. «Думан» СО-да өткен іс-шараның ұйымдастырушылары салтанатқа себепші болғандардың құрметіне дастархан жайып, концерттік бағдарламасын дайындады.

Қалалық «Ветеран» халық хорының жетекшісі, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Галина Аксенованың пікірінше, мұндай іс-шараларды өткізіп тұру маңызды.

«Осындай іс-шаралар қарияларға өздерін еркін ұстауға, көңіл көтеріп, жай ғана бір-бірімен әңгімелесуге мүмкіндік береді. Халықаралық қариялар күнінің құрметіне бүгін мұнда 5 хор жиналды. Бұл мерекені қалалық Ардагерлер кеңесі 2007 жылдан бастап атап өтуде. Менің ойымша, мұндай іс-шаралар адам өзін еркін ұстап, араласып, өзінің әселерлерімен бөлісуі үшін керек», — деді Г. Аксенова

Айта кететіні, Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамасымен елордалық мейрамханалардың қолдауымен қазан бойы зейнеткерлер мен егде жастағы азаматтар үшін мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылатын болады. Барлығы 500 астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Халықаралық қариялар күні 1990 жылдың 14 желтоқсанынан аталып өтуде.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше