Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Астана жаңалықтары: Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

Қазіргі уақытта қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылуда, деп xабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге септігін тигізеді, деді жұма күні «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде» бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған «Нұр Отан» қалалық партиясының тыңдалымында «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Көлік құралдарына және басқа бағыттардан келе жатқандарға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол берумен бағдаршамның қызыл түсіне көліктің бұрылуына рұқсат ету үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша мәселе қарастырылуда. Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге көмектеседі,- деді Б.Игенбердинов.

Бұған дейін xабарланғандай, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады. Осылайша

«BusLane» жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше