1 қазаннан бастап бірыңғай такси қызметі елорда әуежайындағы бағасын төмендетеді
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов.
Әуежайдан қалаға дейінгі үш шақырым қашықтықтан асатын тасымал қымбат болады. Әрі қарай әр шақырым үшін 100 теңге қосылып отырады.
Қала бойынша ең төменгі тариф – 500 теңге. «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы баға 700 теңгені құрайды.
«Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылды. «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш пен шағым білдіргісі келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне жаза алады», — деді елордалық жолаушылар қауымдастығының атарушы директоры Сәкен Ханхожин.
Пікір жоқ әзірше