Астаналықтар " Денсаулық қалашығында" болып қайтты
Бүгін, 27 қыркүйек күні, Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «Хан Шатыр» ОССО аумағында елорданың әр тұрғыны мен қонағына жедел тегін тексеруден өту мүмкіндігі берілген «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы өтті.
«Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акциясы Денсаулық сақтау басқармасымен және елорданың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментімен ұйымдастырылды.
Осы іс-шараның мақсаты – халықты салауатты өмір салтын жүргізуге уәждемелеу, азаматтардың уақытылы скринингтік тексеруден уақытылы өтуі туралы ақпараттандыру, қан айналысы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша жұмысқа алуан түрлі қоғамдық институттардың өкілдерін тарту.
Сауда орталығында ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығы» сауда орталығы 4 аймаққа шартты бөлінген. «Денсаулық аймағында» эндокринолог, кардиолог, невропатолог қабылдады. Мұнда артерия қысымын өлшеуге, қант деңгейін, қандағы холестеринді анықтауға, май тініндегі дененің бұлшықет массасының есебімен өз денесінің масса индексін білуге болады. «Дене белсенділігі аумағында» ЕДШК дәрігерінің кеңесін алды. Ол қандайда бір өзге аурулар кезінде, атап айтқанда жүрек аурулары кезінде дене жүктемесі бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ «Дұрыс тамақтану аумағы» жұмыс істеді. Мұнда келушілер нутрициолог дәрігерінің кеңесін алды. Және төртінші – «Ақпараттық аумақта» тілек білдірушілер «Асқынған қан тамыры синдромы», «Артериялық гипертония», «АҚ қалай дұрыс өлшеу керек», «Инфарктің бірінші белгілері» тақырыбында қысқа дәрістерді тыңдап, қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды.
«Денсаулық қалашығының» мамандары сағат 18:00 дейін жұмыс істеді.
Атап өтетін болсақ, 20 қыркүйектен 29 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік жүрек күніне арналған қан айналысы жүйелері ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өтті.
Пікір жоқ әзірше