Елордалық университет оқытушылары әйелдер көшбасшылығы мектебінен өтті
Астана Туран Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы Астана қаласының әйелдер көшбасшылығы мектебін өтті.
Ұйымдастырушылар «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» МММ қаржылық қолдауымен «Қазақстан әйелдері Қауымдастығы» ҚБ болып табылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік мәселелерін талқылау, әйелдердің көшбасшылығының әлеуетін күшейтуде заманауи тәжірибелік құралдарды пайдалану.
Әйелдер көшбасшылығы мектебінің бағдарлама шеңберінде келесі тақырыптар ашылды: «Біз қандай әйелдерді өз көшбасшылары ретінде көргіміз келеді? Гендерлік саясат не үшін қажет?». Осы тақырып бойынша тренер Expo&Women халықаралық ұйымының атқарушы директоры – Лязят Аскарова болды. Қатысушылармен «Сәнді эмоция гардеробы» тақырыбы да талқыланды.
— Бүгін бізде жаңа тақырып – көшбасшылық. Біз сатылы көшбасшылыққа үйренгенбіз, деңгейлі көшбасшылық болады екен. Сертификатталған тренер қатысушыларға ең басты аспектілердің әнгімелейді. Бұл біздің әйелдерімізге бергіміз келетін американдық жаңа әдістеме. Бірінші кездесу әйелдерге гендерлік саясат туралы баяндаудан тұрады. Бізде лекциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек стол кіретін тоғыз іс-шара өтеді. Соңында біз әйелдерден олардың тілектері мен ұсыныстарын естігіміз келді, — деп айтты «Қазақстан әйелдері Қауымдастығы» Президенті Гульнар Байымбетова.
Пікір жоқ әзірше