Астанада Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ қалалық фестивалі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ қалалық фестивалі өтті

Астанада «Астана» концерт залының қабырғасында Қазақстан Халқы тілдерінің қалалық фестивалі өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің құрметіне ұйымдастырылды. Кеш ұйымдастырушыларының айтуынша, фестивальдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту, ұлтаралық келісімді, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін насихаттау, болашақ елді дамытуға жас ұрпақтың назарын аудару.

— Осы фестиваль жыл сайын өтеді, Астанада мереке шеңберінде бірнеше іс-шаралар өтеді, бүгінде қазақ халқының салт-дәстүріне арналған бірінші мерекелердің бірі. Бүгін мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларды мүсіншелермен марапаттадық, олардың ішінде журналисттер, блоггерлер, дәрігерлер, сондай-ақ қоғамдық қайраткерлер, — деді Астана қ. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бастығы Нурзила Каскатаева.

Сонымен, мерекелік іс-шара барысында, Астана қ. әкімінің атынан мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғалар «Тіл тұғыры» атағымен марапатталды. Олардың ішінде танымал журналист, тележүргізуші, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің директоры Берик Уали, Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп директоры Ербол Иргебай, «Астана» телевизиялық арнаның директоры Ляззат Танысбай, «Қазақстан КТК Одағы» ӨЖҚҰ Президенті, «ЖІГЕР. АБЫРОЙ. САНА» қоғамдық қордың атқарушы директоры Елеукен Есентугел, астаналық «Шипалы» клиникасының бас дәрігері Қайрат Айдархан және танымал блоггер, айти-маман, қазақстан блогосфераның негізін қалаушылардың бірі Ерлан Оспан және Қорғалжың ауданының «Өрлеу» МКҚК директордың орынбасары, Қазақстан Халқы Қауымдастығының мүшесі Леонид Гейленгер.

— Шындығын айтқанда, бүгін мені марапаттайды және құттықтайды деп күтпедім. Өте қуаныштымын. Мен мемлекеттік тілді насихаттау керек деп санаймын – бұл республиканың әр азаматының борышы, — деп «Қазақстан КТК Одағы» ӨЖҚҰ президенті Есентугел Елеукен өз пікірін білдірді.

Іс-шара шеңберінде, мереке қонақтарына концерт арналды. Қазақ эстрада жұлдыздары өз хиттарын орындады. «Алашұлы» тобы, Қайрат Нұртас, Қарақат Әбілдина барлығы жақсы көретін әндерін орындады, сондай-ақ ағайынды Жүгінісовтар, Шахаризат Сейдахмет, Әсем Омар және тағы басқалары өз шығармашылығымен көрермендерді қуантты.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше