Елордада əлеуметтік қызметкерлердің форумы өтті

Астана жаңалықтары: Елордада əлеуметтік қызметкерлердің форумы өтті

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау форумы өтті. Форум бағдарламасында барлық Республикадан әлеуметтік сала қызметкерлері мен қиыр және таяу шетелден келген қонақтар қатысты.

Форум шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын секциялық талқылау өткізілді. Секциялық жұмыс мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, қарттарды күту, тұрмыстық күш көрсету құрбандарына көмектесу, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және белгілі тұрғылықты орны жоқ тұлғаларды әлеуметтік оңалту және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағыттары бойынша өткізілді.

Секциялар жұмысына барлығы 500 аса адам қатысты. Үш секция Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ведомствоға бағынышты мекемелер базасында өткізілді: Астана қаласы Әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Астана қаласы Әкімдігінің «Нұрлы Жол» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және Астана қаласы Әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ.

Сонымен бірге, Форум шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың Үздік әлеуметтік жобаға конкурсы және Қолданбалы өнер көрмесі өткізілді. Секциялық жұмыстан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төрағалығымен Пленарлық отырыс өтті.

Отырыс барысында әлеуметтік қызметтер сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен әлеуметтік саясатты одан әрі дамыту перспективалары әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше