Жалпықалалық сенбілікте 9571 көшет отырғызылды



Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілікке 109 мыңнан астам тұрғын, 5729 мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

Өткізілген айлық аясында 3,7 млн шаршы метр аумақта саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 9571 көшеттер отырғызылды. Атап айтар болсақ, қызыл тал, татар үйеңкісі, қайың, қарағай, емен, терек, шетен ағаштары егілді.

«Алматы» ауданында — 3 724 ағаш,- «Есіл» ауданында- 3 170 ағаш,- «Сарыарқа» аудында- 628 тал, құрылыс басқармасы нысандарында 2 049 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге саламыз, айлық барысында 18 452 ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Жалпықалалық сенбілік күнінде 9571 көшет егілді, ал 8881 данасы айлықтың соңына дейін отырғызылады.

Бұдан бөлек, өзендердің арнасын тазарту мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық акциялар өткізілді.

Сенбілік барысында 445,24 тонна қалдық жиналып, полигонға шығарылды, 153 рейс жасалды.

Өзендердің арнасына санитарлық тазалау жүргізу мақсатында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Есіл өзенінде (Газмашаппаратура ауданында), Ақбұлақ өзенінде (Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін) экологиялық акция өткізілді. Шараға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 100-ден астам студенттері мен қалалық бөлімшелердің әскери қызметкерлері белсенді қатысты.

Шағын және орта бизнес қызметкерлерімен кіреберіс аумақтар мен өздеріне тиесілі жерлер жинастырылды. Коммуналдық қызметтермен және мердігер ұйымдармен ішкікварталдарды абаттандыру жүргізілді.

Айта кету керек, сенбілікке ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министр кеңсесінің, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс аппаратының, ҚР Жоғары сотының, «Нұр Отан» ХДП, министрліктер, агенттіктер мен Астана қаласы мәслиxатының ұжымдары, елордалық әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ кеңесінің және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше