Елордада 31 түлек әкімнің білім грантына ие болды
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің қаражатынан 100 студенттің оқуына 43,9 млн теңге жұмсалды.
Бүгін Әсет Исекешев түлектерді «әкімнің білім грантына» ие болуларымен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Астанада жыл сайын тұл жетімдер, мүгедектер мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, ата-ананың қамқорынсыз қалған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жаңа оқу жылына 48 өтініш қабылданды, оның ішінде 17 адам республикалық грант бойынша өтті, ал қалғандар өтініштер ағымдағы жылдың 23 тамызында өткен комиссияның кезекті отырысында қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша 16 139 500 теңгеге 31 грант бөлу жөнінде шешім қабылданды.
«Әкімнің білім гранттары» елорданың еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға бөлінуде. Оның ішінде техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар басымдыққа ие.
Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жоғары оқу орындарының басшыларымен бірлесе отырып студенттердің үлгерімі бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізіп тұрады.
Бұл бағдаралама бойынша оқу арқылы 300 студент диплом алып, маман атанды, олардың ішінде 27 түлек оқуын осы жылы бітірді.
Қазіргі уақытта келесі жоғары оқу орындарында 68 студент өз білімдерін жалғастыруда: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті -32 студент, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – 14 студент, Медициналық университет – 7 студент, Қазақ технология және бизнес университеті – 1 студент, Еуразия гуманитарлық институты – 14 студент.
Пікір жоқ әзірше